Skip to main content

Телехикая


Махаббат қызық мол жылдар

Махаббат, қызық мол жылдар телехикаясы


«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тапсырысымен 2021 жылы шыққан телехикая жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілді. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.

Телехикаяның продюсері - Ернар Маликов; қоюшы-режиссері - Марина Құнарова. Басты кейіпкерлер Ербол мен Меңтайдың рөлін жас актер Ермек Тұрғанбек пен Нарқыз Айдарова сомдады. «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясының саундтрегі Әзілхан Нұршайықовтың «Қызыл көрпе» өлеңіне жазылған. Көпшілікке Әли Оқаповтың орындауында жол тартты.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz