Skip to main content

Байқау - 2019

«Махаббат, қызық мол жылдар романындағы кейіпкерлер әлемі» Шығармашылық байқау-2019

2012 жылы Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай  оның шығармашылығымен байланысты  үздік прозалық, поэзиялық шығармаларға жыл сайын байқау ұйымдастырып отыру ұйғарылды. Алғашқы байқауға Алматы қаласының магистранттары, студенттері және жоғары сынып оқушылары қатысты.

2013 жылы қаламгердің отбасы байқау жеңімпаздарына Халық жазушысы атындағы стипендия тағайындауды ұсынды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен аталған стипендия тағайындалды. «Адам және әлем»  байқауы ресми деңгейге жеткізіліп, жыл сайын шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізіліп жүр.

2019 жылдың 29 қарашасында сегізінші байқау өткізілді. Ғаламтор арқылы жарияланатын бұл байқауға еліміздің жоғары оқу орындарынан ғана емес, ауыл-ауылдан тілек білдірген жоғары сынып оқушылары да қатыса алады. Өткен ғасырдың ортасында астанадан алыс орналасқан еліміздің бір ауылынан жасөспірім Әзілхан орталық газеттерге өз өлеңдерін үлкен үмітпен қалай жолдаса, қазір де жас жеткіншектер өз шығармаларын сондай үмітпен осы байқауға ғаламтор арқылы жіберіп отырады.

2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында Хаалық жазушысы Ә. Нұршайықовқа арналған мемориалды кабинет ашылды. Осыған байланысты жыл сайын болатын шығармашылық байқаудың қорытындысын осы білім ордасында өткізуге ұсыныс жасалды. Содан бері 4 жыл қатарынан ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында байқау жүлдегерлері марапатталып, шағын поэзиялық шығармашылық кеш өткізіліп келеді.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz